00:33, 05 Маусым 2023 | GMT +5
Дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Гран-при турнирінің қола жүлдесіне қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Ерасыл Қажыбаев Душанбеде дзюдодан өткен Гран-при турнирінің қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ерасыл Қажыбаев 100 келіден астам салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ерасыл жұбаныш финалында Польша өкілі Каспер Сзуровскиді жеңді.
Осылайша, Ерасыл Қажыбаев Душанбедегі додада Қазақстан қоржынына екінші қола медальді салды.
Бірінші қоланы 66 келіге дейінгі салмақта Сұңғат Жұбатқан жеңіп алған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдошы Сұңғат Жұбатқанның Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанғанын жазған едік.
Фото - Қазақстан дзюдо федерациясы