11:50, 26 Тамыз 2014 | GMT +5
Е. Досаев ұжымға ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің басшылығын таныстырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ұжымға Статистика комитетінің басшылығын таныстырды, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

Комитет Төрағасы - Алихан Смайылов, осыған дейін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы болған.
Комитет Төрағасының орынбасары - Жасер Жарқынбаев, осыған дейін ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары болған.
Комитет Төрағасының орынбасары - Айдын Ашуев, осыған дейін ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Комитет Төрағасының орынбасары - Бақытбек Иманәлиев, осыған дейін ҚР Статистика агенттігінің жауапты хатшысы болған.