Е.Омарбеков Қарағанды облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды
ҚАРАҒАНДЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Ерлан Омарбеков Қарағанды облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды,
деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Бұл тағайындауға дейін ол ҚР ІІМ қылмыстық полиция комитеті төрағасының орынбасары болды.
Е.Омарбеков 1971 жылдың 1 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі. Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бері жұмыс істеуде. ҚР ІІМ Қылмыстық полиция комитетінің басқарма бастығы болып жұмыс істеді. Қарағанды ІІД-нің ҰҚКБ бастығы қызметін атқарды.