Е.Ыдырысов Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Қырғызстан және Түркия елдеріндегі әріптестерімен екі жақты кездесулер өткізді (ФОТО)

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Қырғызстан және Түркия елдерінің сыртқы саяси ведомствосының басшыларымен екі жақты келіссөздер жүргізді. Кездесулер Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің 5-ші кездесуі алаңында өтті.

 Е.Ыдырысов Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Қырғызстан және Түркия елдеріндегі әріптестерімен екі жақты кездесулер өткізді  (ФОТО)

Е. Ыдырысов ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен келіссөздер жүргізгенде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерді, ағымдағы жылдағы болатын байланыстардың жоғары деңгейлеріндегі дайындық мәселесін талқылады, сонымен бірге бірқатар халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.

Еске сала кетейік, АӨСШК мүше-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің 5-ші кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен декларация, 2016-2018 жылдарға арналған есірткіге қарсы күресте ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспары, 2016-2018 жылдарға арналған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы келісім шараларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды.

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) өткізу туралы бастаманы алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1992 жылғы қазанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын. Ол 1992 жылдан 2010 жылға дейін АӨСШК-те Қазақстан, 2010-2014 жылдары Түркия төрағалық етті. 2014 жылдан 2018 жылға дейін төрағалық Қытайға өтті.

Қазір АӨСШК-ке 26 мемлекет мүше (Ауғанстан, Әзербайжан, Бахрейн, Бангладеш, Вьетнам, Мысыр, Үндістан, Ирак, Израиль, Иордания, Иран, Қазақстан, Катар, Камбоджа, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Корея Республикасы, Ресей, БАӘ, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан), 12 ел мен халықаралық ұйым - байқаушы (Беларусь, Индонезия, Шри-Ланка, Украина, АҚШ, Жапония, Малайзия, Филиппин, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТүркПА, Араб мемлекеттер Лигасы).
null null null null