ЕАЭО аясында дәрі-дәрмектердің бірыңғай нарығы іске қосылады
«Еуразиялық экономикалық одақтың 5 мемлекетінің дәрі-дәрмектер ұлттық нарығы бірлесіп, бірыңғай кеңсітік форматында жұмыс істей бастайды»,-деп мәлімдеді ЕЭК алқасының мүшесі (министрі) Валерий Корешков.
«Одақ елдерінің дәрі-дәрмек өндірушілері дәрілерді тіркеу мен оларды өндіруді бірыңғай процедуралар негізінде жүзеге асырып, әкімшілік кедергілерді жою жөнінде ұсыныстарын енгізе алады».
Дәрі-дәрмектердің фармацевтикалық нарықтағы өзгерістері әдеттегі тұтынушылар үшін кешірек сезіле бастайды. Өйткені дәрі-дәрмектердің сипаттамаларын беру, оны тіркеу мен айналымға енгізу процедураларына 7-ден 10 айға дейін уақыт кетеді.
Бірыңғай нарықтың ұлттық нормалары бойынша, дайындау, клиникаға дейінгі және және клиникалық зерттеу, сапаны бақылау, тіркеу, дәрі-дәрмектерді өндіру мен оларды дистрибуциялау шаралары жүзеге асырылады.
«Комиссия ЕАЭО-қа мүше елдердің ең үздік деген эксперттерімен бірлесіп, әлемдік тәжірибе негізінде дәрі-дәрмек нарығының тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті құжаттарды дайындады»,-деді Валерий Корешков.
Олар дәрі-дәрмектерді өндіру мен оларды Одақ елдеріне тарату барысындағы әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған. Аталған құжаттар тиіділігі мен қауіпсіздігі толық зерттелмеген, ал, өндіріс процесі қажетті өндіріс талаптарына сай келмейтін дәрі-дәрмек түрлерін жоя отырып, фармацевтикалық нарықтың өзіндік санациясын қамтамасыз етуге бағытталған.