ЕАЭО аясындағы тыйымдар мен шектеулер жария етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кедендік бақылау аясында тыйымдар мен шектеулерді сақтау мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғауда, тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін үлкен маңызы бар. Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау басқармасының бастығы Ержан Әбдірахманов айтты.

ЕАЭО аясындағы тыйымдар мен шектеулер жария етілді

Оның атап өтуінше, Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 101-бабының 3-тармағында тыйым салулар мен шектеулерге Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын тарифтік емес реттеу шаралары, техникалық реттеу шаралары, экспорттық бақылау шаралары және әскерге арналған өнімдерге қатысты шаралар, сондай-ақ санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантинді фитосанитариялық шаралар және радиациялық талаптар жататыны айқындалған.

«Тыйым салулар мен шектеулерді кедендік бақылау бөлігінде қолдану әртүрлі тауарлар мен заттардың заңсыз өткізілуінің жолын кесуге бағытталған және оларды бұзушылық қайғылы салдарға әкелуі мүмкін», - деді ол.

Е. Әбдірахманов сондай-ақ кедендік бақылау аясында тыйым салулар мен шектерулерді сақтау бөлігінде мемлекеттік кірістер органдарының бақылаушы және атқарушы қызметтерін атап өтті.