ЕАЭО-да бухгалтерлік есеп және аудит бойынша қызметтердің бірыңғай нарығы құрылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ қызметтерінің бірыңғай нарығына аудит, есеп беру және бухгалтерлік есеп қосылады, деп хабарлайды БЕЛТА Еуразия экономикалық комиссиясының (ЕЭК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЕЭК Кеңесінің отырысында аудит, есеп беру және бухгалтерлік есеп саласындағы қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру бойынша ырықтандыру жоспарларының жобаларын мақұлдады және Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың оларды бекіту туралы өкім жобасы мақұлданды.
Аудит саласындағы ырықтандыру жоспарының негізгі шараларының бірі ЕАЭО аудиторлық қызмет туралы келісім жобасын құру болып табылады. Құжат аудиторлық қызметтердің бірыңғай нарығын қалыпатстыруға бағытталған және кез келген одақ мемлекетінің тұлғаларына еш шектеусіз аудиторлық қызметтерді алу және жеткізу құқығын беруді қарастырады.
Одан бөлек, аудиторлардың біліктілік аттестаттарын ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер аумағында тану және Одақтың бір мемлекетіндегі аудиторлық ұйым берген аудиторлық тұжырымдардың (есептер) Одаққа мүше екінші мемлекет аумағында танылуы туралы сөз болды.
«Келісім жобасы жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті ЕАЭК-те. - Олар 2017 жылы аяқталады».
Сонымен бірге, жоспар Одақ елдеріндегі аудиторлық қызметті реттейтін органдардың өзара тиімді әрекетін ұйымдастыруға бағытталған нормативті-құқықтық актілерді құруды және аудиттің халықаралық стандарттарына шығуды қарастыруда. Ырықтандыру жоспарының жобасына сәйкес, Одақтың аудиторлық қызметтерінің бірыңғай нарығы 2022 жылдың 1 қаңтарында өз жұмысын бастайды.