Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ЕАЭО-да дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидасы әзірленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақта дәрілік заттардың айналымын реттеуге ортақ тәсілдер қалыптастыру жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс тобы медициналық мақсатта қолдану үшін дәрілік заттарды тіркеу мен сараптау қағидасын әзірледі.

ЕАЭО-да дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидасы әзірленді

ЕЭК баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл 2016 жылғы 1 қаңтардан жұмыс істей бастайтын ЕАЭО-да ортақ дәрілік нарық қалыптастыру үшін қажетті құжат. Осы күннен бастап қауіпсіз, тиімді, сапалы дәрілер Одақ аумағында еркін орналаса бастайды.

Қағидада озық халықаралық тәжірибе, уәкілетті органдар мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнес-қауымдастығы өкілдерінің ұсынысы ескерілді.

Қағида жобасы жұртшылықтың талқылауы үшін Еуразиялық экономикалық одақ және Еуразиялық экономикалық комиссия сайттарына орналастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылдың 1 қантарында құрылды. Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдер Қазақстан, Ресей, Беларусь 2011 жылдың 1 шілдесінде Кедендік одақтың, ал 2012 жылдың 1 қаңтарында Бірыңғай экономикалық кеңістік негізін қалаған еді. 2015 жылдан Одаққа Армения қосылды. Еуразиялық Одақ идеясы туралы алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Мәскеуде айтқан болатын.