ЕАЭО елдері жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады
АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстанда инновациялық жобаларға инвестиция көлемі еселеп артып келеді. Бұл туралы бүгін елордадағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен Еуразиялық экономикалық форумы мыңызды оқиға екенін, оның нәтижесі ЕАЭО қызметінде жаңа мүмкіндіктерді ашатынын атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, бүгін экономикалық ынтымақтастық туралы бірлескен шешімдерге қол қоюмен қатар, ЕАЭО-да жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды. Осы арқылы ЕАЭО дамуының сапалы жаңа кезеңіне өтуі үшін институционалдық жағдай жасалып отыр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталғанын жазған едік.
Еске салсақ, 28 мамырда мемлекет басшыларының қатысуымен V Еуразиялық экономикалық форумның (ЕЭФ-2026) пленарлық отырысы өтті.
Қазақстан Презиленті қазір Еуразиялық экономикалық одағының әлеуетін одан әрі арттырып, қарқынды дамыту жөнінде стратегиялық маңызды міндеті тұрғанын айтты.