ЕАЭО елдері өзара есептесу кезінде ұлттық валюталарды қолданатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО елдерінің тауарайналымы мен есептесуіне ыңғайлы болатын жаңа шарттарды құру бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ басқарма төрағасы Мақсат Мұқанов мәлім етті.
None
None

"Қазіргі уақытта ЕАЭО аясында бірыңғай нарықты құру бойынша қыруар жұмыстар атқарылды, сондай-ақ кешенді құжаттар қабылданды. Ол құжаттарда біртіндеп сауданы ұлттық валютада жүргізу жөнінде жоспарлар қамтылған. Осы тұрғыда ықпалдастырылған валюталық нарықты құру бойынша жұмыстар басталды десе де болады. Осы бағыт бойынша, ЕАЭО елдерінің тауарайналымы мен есептесуіне ыңғайлы болатын жаңа шарттарды құру бойынша жұмыстар атқарылуда", - деді М. Мұқанов.

Институт басшысының атап көрсеткеніндей, бұл жұмыстар қабылданған, қолда бар және белгіленген жұмыс жоспарларының негізінде жасалуы керек.

Еске сала кетейік, 2025-2030 жылдарға қарай ЕАЭО аясында есептесу кезінде доллар мен еуроны қолдану тоқтатылады деп жоспарланған. Сауда барысында тек қана ұлттық валюталар қолданылмақ. Мұндай ұсыныс ЕАЭО аумағында есеп айырысу жүйесі тұжырымдамасы жобасына енгізілген. Сонымен қатар бұл құжатта ЕАЭО аумағында доллар мен еуроның айналымын мүлдем доғару көзделуде.

Соңғы жаңалықтар