ЕАЭО-ға үйлестірілген монетарлық саясат қажет - ЕАДБ басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одаққа үйлестірілген монетарлық саясат қажет. Бұл туралы БЕЛТА Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) басқарма төрағасы Дмитрий Панкинге сілтеме жасап хабарлады.

ЕАЭО-ға  үйлестірілген монетарлық саясат қажет - ЕАДБ басшысы

Дмитрий Панкиннің сөзіне қарағанда, осы жылы болған оқиғалар өңір елдеріне бұл саладағы үйлесім керектігін көрсетті.

"Биылғы жыл үйлестірілген монетарлық саясат міндетті түрде керек екенін көрсетті деп ойлаймын", - деді ол. Аймақтағы экономикалық жағдайды айта келе ЕАДБ басқарма төрағасы Ресейде құбылмалы бағам саясаты жүргізіліп жатса, Қазақстан немесе Беларусьте валюта бағамын тіркелген режимде сақтап қалу қиын болып отыр.

ЕАДБ - халықаралық қаржы ұйымы. Оны 2006 жылы Қазақстан мен Ресей құрған. Мақсаты - қатысушы елдердің нарықтық экономикасының дамуына, олардық тұрақты экономикалық өсіміне, өзара сауда-экономикалық байланысты кеңейтуге ықпалдасу. Банкке қатысушы мемлекеттер - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәджікстан.