ЕАЭО қызметтерінің ортақ нарығына тағы 18 сектор кіреді
Қызметтердің бірыңғай нарығы ЕАЭО туралы шарт күшіне енген сәттен бері 43 секторда жұмыс істеп тұр, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметінен.
«Қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі Одақ мемлекеттерінің экономикалық, өндірістік, өсіміне, олардың бәсекеге қабілеттігін арттыруға, Одан елдері экономикасына қосымша инвестиция тартуға, бизнес қызметін жандандыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздықты қысқартуға қуатты серпін береді», - деп атап өтті ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқасының мүшесі (министрі) Тимур Сүлейменов.
Одақ аясында бірыңғай нарық құрылатын қызмет скторларының тізілімі ырықтандыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады, ол ЖЕЭК-тің 2015 жылғы 30 тамызындағы №30 шешімімен бекітілген. Көшпелі кезеңдегі бұл тізілімге жалпы қызметтің 21 секторы енгізілген.
Ырықтандыру жоспарымен ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқасының мүшесі (министрі) Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен 8 жұмыс тобы жұмыс жасады. Қорытынды құжатта бірыңғай нарыққа қызмет секторларының түбегейлі көшірілу шаралары қарастырып, мерзімі келісілген. Бұған қоса, Одан елдері қызметінің ортақ нарығына түрлі жылдамдықпен интеграциялану мүмкіншілігі ескерілген.
Ырықтандырудың әрбір кезеңінде Одақтың барлық елдері жоспарларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізетін болады. Бұған қоса, іс-шаралар барлық тараптармен кезең-кезеңімен әрі бір уақытта жүзеге асырылады.
Ырықтандыру құрылыс, инжиниринг, қала салуды жобалау, операторсыз саяхаттау кемелерін жалдау және лизинг, жылжымайтын мүлік саласындағы қызметтер және мүлікті бағалау, маркшейдерлік түсірілім, картография, ауа райын болжау жіәне метрология, жарнама, туризм, кино және видеофильмдер өндірісі және көрсету, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу сынды салаларды қамтиды.
«ЖЕЭК-тің №30 шешімімен қарастырылған қызмет секторларын ырықтандыру жоспарын түзу жұмыстары жүргізілуде. Бұл біздің қызметтеріміздің ортақ нарығын кеңейтеді. Құны мәнінде бұл мүше мемлекеттерде ұсынылатын қызметтердің жалпы көлемінің 10 пайызынан астам. Бірыңғай нарыққа қосылып үлгерген қызмет секторларымен қоса алғанда олар көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің 60 пайызға жуығын құрайды», - деді Т.Сүлейменов.
Ырықтандыру жоспарын жүзеге асыру барысында мүше мемлекеттердің қолданыстағы заңнамаларына сараптама жүргізіледі, Одақ елдерінде бұл қызмет секторларының реттелуінің бірізділігіне баға берілді, реттеудің ең озық халықаралық тәжірибесі зерделенді.
Таяу уақытта ЕЭК алқасының шешімі комиссия кеңесінің қарауына енгізілетін болады. Ырықтандырудың соңғы жоспары ЕАЭО елдері Президенттерімен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мақұлданады.