ЕАЭО Мемлекет басшылары Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуын талқылады

«Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты бұл шешімнің одақ нормаларына үйлесуін қамтамасыз ететін барлық құжаттар топтамасын Мемлекет басшылары қабылдады. Бір жағынан, олар Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына қосылуы барысында қабылдаған міндеттемелерін Қазақстан нарығында таралуына мүмкіндік береді. Екінші жағынан, одақ бойынша серіктес елдерге тариф айырмашылығында ешқандай зиянын тигзбеуі үшін әкімшілік жүйені қалыптастырады», - деді ол.
Виктор Христенконың атап өтуінше, Қазақстанның халықаралық сауда ұйымына кіруіне байланысты мыңнан астам тауарлық ұстанымның тарифтік нормасын одақ нормасына сәйкестендіру туралы шешім қабылданған.
«Бұл шешімдер біздің елдеріміздің парламенттері ратификациялық процедураларды аяқтағаннан кейін күшіне енеді. Мемлекет басшыларының есептеуінше, бұл процес біздің парламенттерімізде 15 желтоқсанға дейін аяқталу тиіс», - деді ол.