ЕАЭО мен Иранның еркін сауда туралы келіссөздері аяқталуға жақын – ЕЭК министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ пен Иранның еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздері аяқталуға жақындады. 
None
None

 Бұл туралы «Еуразиялық апталық» халықаралық форумы аясында өткен баспасөз мәслихатында ЕЭК сауда министр Вероника Никишина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Сегіз ай бойы Иранмен айтарлықтай қызу талқыда келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Осы орайда келіссөздердің жеті кезеңі өтті. Атап өтер жайт, біз осы келіссөздерді аяқтауға жақындап қалдық. Бұл талқылаулардың нәтижесі үш бөліктен тұрады, оның ішінде шарттың мәтіні қамтылып отыр. Онда ойын ережесін айқындайтын реттеуші база пысықтылған. Бұл өз кезегінде өте маңызды, себебі Иран Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше емес. Сондықтан ЕАЭО мен Иран арасындағы сауда ережесін нақты сипаттау өзекті элементтердің бірі және біз айтарлықтай жақсы мәтінді даярладық деп пайымдаймын»,-деді Вероника Никишина.

Оның сөзіне қарағанда, құжаттың қалған екі бөлімі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы тауарларына баж бойынша уағдаластықты қамтып отыр.

«Келіссөздер аяқталып қалды. Енді бөлек тауарлар жөнінде келісу керек»,-деді ол.

В. Никишинаның пайымынша, бұл тұрғыдағы жұмыстар ойдағыдай болмаса, онда келіссөздерді аяқтау мерзімін біршама кейінге шегеруге тура келеді.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян еркін сауда аймағын құру - еуразиялық интеграциялық бірлестік пен Иран арасындағы байланыстардың маңызды аспектілері болып отырғандығын атап өткен еді . 

ЕЭК алқасының төрағасының сөзінше, Иран ЕАЭО елдері үшін еркін сауда аймағын құру мәселесі бойынша басымдыққа ие елдердің бірі. Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары да Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы қырам-қатынастарды тереңдетуді қолдайды.

Соңғы жаңалықтар