Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісім 5 қазаннан бастап күшіне енеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аталмыш келісім бойынша барлық ратификацияланған рәсімдер аяқталды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия баспасөз қызметі.

ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісім 5 қазаннан бастап күшіне енеді

«Барлық ратификацияланған рәсімдер аяқталды. 5 қазаннан бастап келісім күшіне енеді, яғни біздің ел сататын тауарлардың басым бөлігіне кеден баждарының төмендетілген ставкалары әрекет ететін болады», - деген ЕЭК сауда министрі Вероника Никишинаның сөзі келтірілген хабарламада.