ЕАЭО мен Вьетнам еркін сауда аймағын құру туралы келісімді рәсімдеді

Құжатты рәсімдеуге ЕЭК алқасының төрағасы В.Христенко, сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов, Армения Премьер-Министрі О.Абраамян, Беларусь Премьер-Министрі А.Кобяков, Қырғызстан Премьер-Министрі Т.Сариев, Ресей Үкіметінің төрағасы Д.Медведев, Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунг қатысты.
«Бұл келісім біздің реттеу саламыздағы барлық тауар ұстанымдарының 90 пайыздан астамы бойынша еркін сауда режімін орнатуға бағытталған», - деді Д.Христенко.
Оның атап өтуінше, келісім ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы қазіргі 4 млрд. доллар көлемінде сауда - саттықты 2020 жылға қарай 10 млрд. долларға арттыруды көздейді.
Бұған қоса, оның атап өтуінше, аталған тауар түрлерінің жартысына жуығына келісім күшіне енген сәттен бастап салық салынбайды. Ал қалған жартысына салық салмау режімі қысқа көшпелі кезеңніне кейін қолданыла бастайды.
«Келісім тең жеңілдікті сауда режімін ғана емес, сонымен бірге зияткерлік меншік және басқа да бағыттардағы құқықтары басқару мәселелерін қамтиды», - деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, келісім Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өткен Еуразиялық экономикалық кеңес отырысынан кейін рәсімделген болатын.