Едіге Емберді рекорд жаңартып, Қазақстан чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM - Ауыр атлетикадан Талдықорған қаласында ел чемпионатының бесінші күнінде 88 келіде жүлде сарапқа салынды.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, бұл келіде төменгі салмақтан көтерілген әлемдік рекордсмен Әлихан Әскербай да тартысқа араласып, жұлқа көтеру сайысында бірінші орынға тұрақтады.
Бірақ серпе көтеру сайысында Едіге Емберді бірінші мүмкіндігінде-ақ қарсыластарынан оқ бойы озып, жаңа рекордпен топ жарды.
Едіге Емберді (Астана қ) - 360 келі (158+202)
Нұржан Жұмабай (Алматы обл) - 345 (155+190)
Әлихан Әскербай (Жетісу обл) - 336 (161+175).
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасы оныншы турының алғашқы ойын күнінде «Ертіс» (Павлодар) - «Елімай» (Семей) шеберлік байқасты.