Едіге Қасымбек алғаш рет ересектер арасындағы Азия чемпионатында жүлделі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстан астанасы Бішкекте еркін күрестен Азия чемпионаты мәресіне жетті. 

Едіге Қасымбек
Фото: ҰОК

Қазақстан командасы сапынан бозкілемге шыққан аса ауыр салмақтағы (125 кг) отандасымыз Едіге Қасымбек тәжірибелі қытай палуаны, Азия ойындары мен чемпионатының қола жүлдегерінен басым түсті. Есеп: 8-7.

Бұл - 19 жастағы Едігенің ересектер арасында құрлық додасындағы қол жеткізген алғашқы медалі. Ол - былтырғы жастар арасындағы әлем чемпионатының (U20) жеңімпазы.

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасы Бішкектегі бәсекені 2 қола жүлдемен аяқтады. Санаулы сəттер бұрын Азамат Дәулетбеков (-92 кг) үздік үштікті түйіндеген.