Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Едіге Нұрғожа Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM — U19 жас санатында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Едіге Нұрғожа Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

бокс
Фото: instagram.com/nurgozha_edige

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, жартылай финалда отандасымыз Өзбекстан өкілі Елиор Рустамовпен қолғап түйістірді.

Едіге жекпе-жек барысында жеңіске деген жігері мен қайсарлығын танытқанымен, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (0:5) жеңіс қарсылас боксшыға берілді.

Бұған дейін Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында U19 санатындағы Айдана Убайдуллақызы (80 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізгенін жаздық.