Эдуард Ещенко Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінен аса алмады

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін стенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Эдуард Ещенко іріктеу кезеңінде сынға түсті. 

іріктеу кезеңінен ары аса алмады
Фото: olympic.kz

Өкінішке қарай отандасымыз стенд атудың скит бәсекесінің іріктеу сынынан ары аса алмады. Жарысқа жалпы саны 30 спортшы қатысты. 

Эдуард Ещенко 115 ұпай жинап, жалпы есепте 26-орынға жайғасты. 

Сонымен қатар тағы бір қазақстандық спортшы Мария Дмитриенко трап сайысында 10-орыннан көрініп, ол да финалдық кезеңнен тыс қалды. 

Енді стенд ату спортынан тағы бір отандасмыз Әсем Орынбай сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін дзюдодан Қазақстан құрамасы аралас сайыста бразиялықтардан 4:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Әзірге Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. 

Соңғы жаңалықтар