«Эфиопия әуе желісінің» ұшағы Жерорта теңізіне құлады
АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - «Эфиопия әуе желісінің» (Ethiopian Airlines) ұшағы апатқа ұшырады. Бортында 85 жолаушы болған лайнер Жерорта теңізіне құлады,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Әзірге ұшақтың бүгін таңертең Бейруттан (Ливан) ұшып шыққаны туралы ғана ақпарат бар. Лайнер жерден көтерілгеннен кейін көп ұзамай радар бетінен жоғалып кеткен. Апаттың себебі туралы әзірге ешқандай мәлімдеме жасалмай отыр, қаза тапқандар туралы да мәлімет жоқ.