Егер елде бірлік болса, ілгерілеу де, даму да болады - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.-Ж. Тоқаев

sp; АСТАНА. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Егер елде бірлік болса, ілгерілеу де, даму да болады. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін палата депутаттары қатысқан «Нұр Астана» мешітіндегі мерекелік айт намазынан кейін Қазақстан халқы бірлігінің маңызын осылай деп атап көрсетті.
None
None

«Мемлекет басшысының дана және сарабдал саясатының арқасында Қазақстан дағдарыстан ойдағыдай шығып келеді. Барлық дағдарысқа қарсы бағдарламалар, соның ішінде Жол картасы да табысты орындалуда. Қазақстанның ел бірлігі доктринасының жобасы талқылануда, бұл құжат Мемлекет басшысының бастамасымен жасалды және оған тікелей өзі араласты. Әрине, біздің елімізде бірлік, ішкі тұрақтылық болса, реформалар да жалғаса береді. Бұл дегеніңіз, ілгерілеу мен даму болады деген сөз. Сонымен қатар елімізде ұлттық дәстүрлер түлеп, өркен жая береді, мемлекеттік тіл және басқа да тілдер одан әрі дамиды», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Ол Құрбан айт бүкіл мұсылмандардың қасиетті мейрамы екенін атап өтті және барлық қазақстандықтарды осы Ұлы күнмен құттықтады. «Халқымызға, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа игілік, денсаулық және одан әрі зор табыстар тілеймін» - деді Сенат спикері. .  

Соңғы жаңалықтар