16:57, 14 Ақпан 2009 | GMT +5
Егер мемлекет 0 пайызбен қаражат бөлсе де заемшылар кез келген жағдайда оларды 12,5 пайызбен алады ? «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ
АЛМАТЫ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ – Инфляциядан төмен және қаржыландыру ставкасынан аз пайызбен беретін кредиторлар жоқ.
Бұл жөнінде бүгін Алматыда «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры, басқарма мүшесі Қайрат Айтекенов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өкілінің сөзіне қарағанда, егер мемлекет 0 пайызбен қаражат бөлсе де түпкілікті заемшы кез келген жағдайда оларды 12,5 пайызбен алады. «Біз нөл пайызбен ақша бере аламыз. Бірақ егер біз бүгінгі күні инфляциядан төмен және қаржыландыру ставкасынан аз пайызбен беретін болсақ, рынокта алыпсатарлық арзан ақша пайда болады. Кез келген заемшыға ешнәрсе істеудің қажеті болмайды ? ол ақшаны алады да, қайта сатады. Бізге мұның керегі бар ма? Біз сыбайлас жемқорлықты қалаймыз ба? Егер біз оған жол беретін болсақ биліктің, мемлекеттің беделіне нұсқан келтіреміз», ? деді Қайрат Айтекенов.