Егер нәубет болмағанда қазақтар саны шамамен 45-50 млн. адам болар еді - ҚР Президенті

  АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Биыл өткен ғасырдың 30-шы жылдары қазақ халқының аштықтан қырылуына 80 жыл толуына байланысты дата аталып өтеді.
None
None

Бұл жайында бүгін Мемлекет басшысы елордадағы Назарбаев Университеті студенттерімен кездесу кезінде айтты.

«Біздің халқымыз басынан көп нәубетті өткізді. Мен биыл біздің еліміздің басынан өткен аштықтың 80 жылдығын атап өтуге тапсырма бердім. 1929-1933 жылдары аштықтан қазақтардың 40 пайызға жуығы қырылды»,-деп тоқталды Елбасы.

«Бұл нәубет болмаса біздің санымыз шамамен 45-50 млн.адам болар еді. Аталарымыз бен әкелеріміз сол кездегі қиындықтар жайында айтатын. Біздің халқымыз басынан көп жамандықты өткізді. Біз осыдан нәтиже шығарып, бұдан ары қарай алға жылжуымыз шарт»,-деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар