14:21, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
Егер, санақ кезінде ауруханаға жатып қалсаңыз...
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Ұлттық халық санағының қарсаңында Қарағандыда дәрігерлер үшін де оқу семинары өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Санақ кезінде ауруханаға түсіп қалған адамдар да осынау маңызды мемлекеттік шарадан тыс қалмайтын болады. Медициналық мекеме қызметкерлері санақшы міндетін атқарады. Семинарда облыстық статистика департаментінің қызметкерлері дәрігерлерге санақ парақшаларын қалай толтыру керектігін түсіндірді және басқа да маңызды сауалдарға жауап берді. Семинарда айтылғандай, шағын ауруханалар мен перзентханаларда науқастардың арасында сауал жүргізуге екі медицина қызметкері жетіп артылады. Ал үлкен, облыстық маңыздағы медициналық мекемелерде бұл жұмысқа бес адамнан кем тартылмауы керек: белгіленген норма ? 94 адамға бір санақшыдан. Реанимациялық бөлімде ес-түссіз жатқандар үшін олардың туған-туыстары жауап бере алады. Ал перзентханаларда ақпанның 24-і күні түнгі сағат 12-ге дейін туылған нәрестелердің барлығы санаққа ілінеді. Ауруханада жатқан белгілі мекен-жайлары жоқ адамдар та ескерілуі тиіс.