Егеуқұйрық уы табылған HiPP өнімі елде сатыла ма

АСТАНА. KAZINFORM — Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті HiPP балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылғаны туралы ақпаратты тексерді.

Казахстанцам разъяснили ситуацию вокруг «отравленного» детского питания HiPP
Фото: hipp.com

— Германияда өндірілген HiPP балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталғаны туралы БАҚ-тағы жарияланымдарға байланысты комитет мынаны хабарлайды: аталған заң бұзу туралы ақпарат Еуропалық одақтың құзыретті органдарынан Азық-түлік пен жемшөптің сапасы бойынша жедел хабарлау жүйесі (RASFF), сондай-ақ ДДСҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық органдар желісі (INFOSAN) арқылы келіп түскен жоқ.

Аталған өнім Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің Бірыңғай тізілімінде тіркелмеген, осыған байланысты оны Қазақстан аумағында және ЕАЭО-ның басқа елдерінде сатуға рұқсат етілмейді, — делінген хабарламада.

Комитет тарапынан өнімнің ықтимал сатылуын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

— Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша аталған өнім елдің сауда орындарында анықталған жоқ.

Өнім сатылымда анықталған жағдайда азаматтардан жедел шаралар қабылдау үшін Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарласуды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Австрияда Hipp балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар