Египет әлем чемпионаты 1/8 финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Египет құрамасы 1/8 финалға жолдама алды.

ы
Фото: fifa.com

Кездесу барысында египеттік футболшылар алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 13-минутында олардың қатарынан Эмам Ашур мергендігімен көзге түсті. Одан кейін аустралиялық құрама бірінші кезеңде таразы басын теңестіруге ұмтылды. 

Ойынның 55-минутында Египет сапынан Мохамед Хани автголдың авторы атанды.

Осылайша негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти сериясында Египет үздік атанып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Мохамед Салах бастаған африкалық құрама G тобында бір жеңіс, екі тең нәтижемен бес ұпай алды. Олар Бельгия және Иранмен 1:1 есебіне қанағат білдірсе, Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен қапы қалдырды. 

Екі құрама бұған дейін 2010 жылы 17 қарашада жолдастық кездесуде ойнады. Бұл кездесуде Египет қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, бұған дейін 1/8 финалға шыққан 13 құрама белгілі болды. Олардың қатарында Канада, Бразилия, Парагвай, Марокко, Норвегия, Франция, Мексика, Англия, Бельгия, АҚШ, Испания, Португалия құрамалары бар.

Енді 4 шілдеде сағат 03:00-де Аргентина - Кабо-Верде жасыл алаңға шықса, плей-офф сатысындағы ойындарды 4 шілдеде 06:30-да Колумбия - Гана түйіндейді.

Еске салсақ, Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Швейцария құрамасы 1/8 финалға жолдама алды.