Египетте бірнеше лаңкестік шабуыл болды

ӘБУ-ДАБИ. 7 қазан. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Египеттің кейбір қалаларында белгісіз күштердің бірнеше лаңкестік шабуылы болып өтті.
None
None

Оңтүстік Синайдағы жергілікті қауіпсіздік күштерінің штаб-пәтерінде миналанған автокөлік жарылды, деп хабарлайды Египет билігі. Лаңкестік акті салдарынан екі адам қаза тауып, елуден астам адам жарақаттанды.

Солтүстік-батыстағы Исмаилия қаласында белгісіз жауынгерлер Египет әскерінің бес солдатын өлтіріп кетті. Күш құрылымдарындағы деректер бойынша әскерилерге қала маңындағы бақылау-өткізу бекетінде отырған кезінде оқ жаудырылған.

Египет астанасы Каирде белгісіз біреулер спутниктік бақылау стансасы бойынша зымыран ұшырған. Бір адам жарақат алған.

Жексенбі күнгі шабуылдардың қызметінен алынып тасталған президент Мухаммед Мурсидің жақтастарына байланысы бар ма, әзірге белгісіз. Кешегі өткен наразылықтың салдарынан кемінде елу адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар