09:53, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Египетте тағы да газ құбырын жарды
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Египетте тағы да Израильге отын жеткізетін газ құбырын жарды, деп хабарлады РБК агенттігі.

Лаңкестік акті Солтүстік Синай ауданы орталығынан шамамен 20 шақырым жерде болды. Куәгерлердің айтуынша, құбыр жарылған жерде жалын биіктігі 20 метрге көтерілген және оның қасынан өтетін тас жолда анық көрінген.
Египет өкімет орындары жарылысқа Израильге отын жеткізілуіне қарсылық білдірген жергілікті ұйымдар белсенділерінің қатысы бар деп топшылайды.
Атап өтерлігі, 2011 жылы ақпанда Хосни Мүбарак тақтан тайдырылғаннан бері газ құбырының осы учаскесін тоғыз рет жарған. Газ құбырындағы бүгінгі жарылыс египет парламентіне сайлау басталуына бірнеше сағаттар қалған кезде орын алып отыр.