«ЕХРО2017-Astana» қоғамдық-саяси журналының таныстырылымы болды

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «ЕХРО2017-Astana» қоғамдық-саяси журналының тұсаукесері болып өтті.
None
None

Басылым ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Республикалық Бас редакторлар клубының қолдауымен жарыққа шығып отыр.

Журналдың Бас редакторы Қуат Әуесбайдың айтуынша, басылымның басты мақсаты - 2017 жылы Астанада өтетін ЕХРО мамандандырылған халықаралық көрмесіне дайындық, оның өткізілу барысы жайлы тың дүниелерді, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, ел ішіндегі ұлттық кәсіп иелерін жарыққа шығару, Елбасының «Қазақстан - 2050» ұзақмерзімді стратегиясында көрсетілген бағыт-бағдарлардың жүзеге асуын, ел арасында кеңінен насихатталуын, экономика және туризм саласының даму қарқынын баяндау.

«Жұртшылыққа бұл көрменің әлі де болса насихаты кемшіндеу болып жатқаны байқалады. Өйткені қарапайым халық арасында «Бұл көрменің Қазақстанға қажеті қанша? Қыруар қаржыны желге шашып алмаймыз ба?» деген сияқты сауалдардың туындауы да заңды. Шынтуайтқа келгенде, ЕХРО көрмесі біздің мемлекет көтере алмайтын шоқпар емес. Сондықтан «Бұл көрменің қажеті қанша?» дегенше, ел болып осы көрмеге қандай пайдамызды тигізе аламыз деген мәселе төңірегінде тоғыссақ ләзім болатын сияқты», - деп атап өтті Қ. Әуесбай.

Оның айтуынша, журналдың бірінші нөмірі қазақ тілінде жарық көрді. Ал келесі нөмірлерден бастап орыс және ағылшын тілдерінде шыға бастайды.

Соңғы жаңалықтар