Екі бауырлас мемлекет Каспий теңізін сақтауда өзара іс-қимылды күшейту керек

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мен Иран Каспий аймағында белсенді ынтымақтастықты өрбітіп жатыр. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ҚР Президентінің Телерадиокешеніне берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

Каспий
Фото: Kazinform

Иран президенті Каспий теңізі туралы конвенция Каспий маңы елдері арасындағы ынтымақтастықтың негізі саналатынын айтты.

Екі бауырлас мемлекет Каспий теңізін сақтауда өзара іс-қимылды күшейту керек
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

— Өңірдегі екі бауырлас мемлекет ретінде Каспий теңізін сақтауда өзара іс-қимылды күшейтуіміз керек. Оның экологиясына, су ресурстарына ерекше мән беріп, теңіз арқылы іске асатын сауда-экономикалық қызметтің тұрақтылығына назар аудару маңызды, — деді ол.

Иран көшбасшысының сөзінше, егер ашық және түсінікті форматта әрекет етсек, Каспий теңізін сақтап қалуға мүмкіндік бар. Оның шығыс пен батысқа, солтүстік пен оңтүстікке бағытталған сауда-экономикалық дәліз ретіндегі маңызы зор. Бірлескен қадамдар теңіздің табиғи ортасын сақтауға мүмкіндік береді.

«Қазіргі кезде Каспий маңы елдері теңіздің экологиялық балансын сақтап отыр ма? Бұл тұрғыда өзгерістер қажет пе», деген сауалға былайша жауап берді.

— Біз өмір сүріп жатқан әлемді сақтау үшін теңіз саласының мамандары мен сарапшылары бірыңғай көзқарас және ортақ ғылыми тәсілмен жұмыс істеуі өте маңызды. Мұндай қадамдар іске асса, саясаткерлер мен бизнес өкілдері және мүдделі тараптар ғылымға сүйеніп, осы өңірдің экологиясына қамқорлықпен қарау бағытында тиісті шешім қабылдай алады. Егер табиғатқа қатысты ғылыми негізсіз шаралар қабылдасақ, климаттың өзгеруін ескермей әрекет етсек, онда болашақта Каспий теңізі маңында орналасқан елдерге елеулі зиян келтіруіміз мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар