Екі қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола медалі үшін күреседі

АҚТАУ. KAZINFORM – Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әйелдер күресінен алғашқы жартылай финалдық кездесулер өтті.

Екі қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола медалі үшін күреседі
Фото: ҰОК

8 сәуір күні Қазақстан құрамасының екі спортшысы жартылай финалға дейін жетті.

50 келіге дейінгі салмақта Марал Тәңірбергенова Олимпиада чемпионы Юи Сусакимен (Жапония) өткен кездесуде мерзімінен бұрын жеңілді. Ал 76 келіге дейінгі салмақта Гүлмарал Еркебаева моңғолиялық Даваанасан Энх-Амарға есе жіберді.

Осы нәтижелер бойынша екі спортшы да қола жүлде үшін күресетін болады. Бұл белдесулер 9 сәуірде өтеді. Сол күні 68 келіге дейінгі салмақта Елена Шалыгина жұбаныш белдесуіне шығады. 

Еске салсақ, бұған дейін Бішкектегі Азия чемпионатында әйелдер күресінен екі қазақстандық жартылай финалға шыққанын хабарлағанбыз.