Екі команданың деңгейі екі бөлек: «Қайрат» бапкері Алматыдағы ойын туралы айтты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Қайрат» футбол клубының бас бапкері командасының Чемпиондар лигасында «Реалдан» ірі есеппен жеңілгенінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Екі команданың деңгейі екі бөлек: «Қайраттың» бапкері Алматыдағы ойын туралы айтты
Фото: Альберт Ахметов / Kazinform

Уразбахтин екі команданың деңгейі екі бөлек екенін айтты. Ол өз кезегінде «Реал Мадрид» Еуропаның ең үздік клубы деп танылса, «Қайрат» 100-дікке кірмейтінін атап өтті. 

— Біздің құрамның құны — 12 миллион еуро, «Реал Мадрид» командасының құны — 1,4 миллиард еуро. Олардың бір ойыншысы бүкіл лигамыздың құнымен бірдей. Біз қай жерде тұрғанымызды түсінеміз. Иә, жеңілу көңіл көншітпейді, бірақ біз Мбаппеге қалай төтеп бере аламыз?! Дегенмен, «Реал» сияқты клубтармен бәсекелестік арқылы біз тек ойынымызды жақсарта аламыз. Біздің футболшалар үздік қарсыластармен ойнағанның пайдасын көреді. Біз осындай жеңілістер арқылы күшейеміз. Ендігі мақсатымыз — еуропалық додалардың негізгі кезеңдеріне мүмкіндігінше жиірек жолдама алу, осылайша мұндай суперклубтар жыл сайын осында келе алады. Қазақстанда мұндай ойындар көп болған сайын еліміз бен футболымыз соғұрлым көп пайдаға кенеледі, - деді Рафаэль Уразбахтин. 

Айта кету керек, Қайраттың ойынында гол соғатын сәттер де болды, оны тіпті Испания құрамасының бас бапкері Хаби Алонсо да атап өтті. 

— Бес минутта үш гол жіберіп алмағанымызға қазірдің өзінде қуаныштымын. Біз ұйымшыл болып көрінуге тырыстық, ұрымтал сәттер де болды. Қарсыластың жоғары деңгейде екенін айтудың өзі артық. Олар өте жылдам әрі мадридтік ойыншылардың техникалары жоғары. Біз ешқашан мұндай жылдамдықпен ойнаған емеспіз, — деп түсіндірді Уразбахтин. 

Соңғы жаңалықтар