Екі облыста ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол мамандары екі облыста ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді. 

Екі облыста ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

2025 жылғы 9 наурыз сағат 00:30-да ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түріне келесі республикалық автожол учаскелерінде шектеу қойылды:

Абай облысы:

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Аягөз қ. – Жетісу облысының шекарасы).

• «Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. бұрылысы «Алматы – Өскемен» автожолынан – Үржар а.).

Жетісу облысы:

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қ. – Абай облысының шекарасы).

Жолды 2025 жылғы 9 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Бұған дейін ауа райына байланысты 4 облыста көлік қозғалысы шектелгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар