Екі облыста шектеу енгізілген жолдар ашылады

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 25 қаңтар сағат 10:00-де республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады, деп хабарлайды «ҚазАвтожол» мекемесі.

метель, буран, зима, закрыта дорога, боран, қыс, жол жабық
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Қостанай облысы: 

- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 555 — 729 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан СҚО шекарасына дейін);

- «Мамлютка — Қостанай» автожолының 180 — 403 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Тобыл қаласына дейін);

- «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 8 — 232 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 418 — 539 шақырым аралығы (Қостанай қаласынан Қарабалық кентіне дейін);

Ақмола облысы:

- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 304 — 341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);

- «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы» автожолының 2 — 50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);

- «Көкшетау — Рузаевка» автожолының 0 — 61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);

- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 856 — 917 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Жақсы кентіне дейін);

- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 377 — 595 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін);

- «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 232 — 260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін);

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Осыған дейін 25 қаңтарда жабық тұрған жолдар туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар