21:32, 04 Қараша 2025 | GMT +5
Екі өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM — 4 қарашада ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық жолдарда автокөлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті.
Сағат 20:30–да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылды.
Павлодар облысы:
— ҚХР-Майқапшағай-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы 427-587 шақ., (Кенжекөл ауылы — Абай облысы шекарасы);
Абай облысы:
— ҚХР-Майқапшағай-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы 587-733 шақ., (Павлодар облысы шекарасы — Семей қаласы);
ҚазАвтоЖол көлік қозғалысы 5 қараша күні сағат 07:30–да қайта жандануы мүмкін екенін хабарлады.
Айта кетейік, ҚазАвтоЖол жауыннан кейінгі жол неге қауіпті болатынын ескертті.