18:02, 02 Шілде 2009 | GMT +5
Екатеринборда 20 млн. рубль ұрлаған күдікті ұсталды
ЕКАТЕРИНБОР. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Милиционерлер Екатеринборда өзін мұнай магнаты деп дәріптеген Свердлов облысының тұрғынын 20 млн. рубльге алаяқтық жасады деген күдікпен ұстағаны жөнінде бүгін облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің бастығы Валерий Горелых мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Ұсталған күдікті өзін жанар-жағар материалдарымен, оның ішінде мұнаймен сауда жасайтын мұнай магнаты деп таныстырған. Шұғыл тергеу қызметкерлерінің пайымдауынша, «магнат» бизнесмендермен интернет арқылы мұнай өнімдерін, олар өзінде болмаса да, жеткізіп беруге арналған шарт жасасқан. Онымен шарт жасасқан бизнесмендер оған ірі сомаларды аударады, ал ол ақшаларды жымқырумен болған.
Алдын-ала есептер бойынша ол кәсіпкерлерден 20 миллионнан астам рубль ұрлаған. Осы факті бойынша тиісті органдар қылмыстық іс қозғады.