Екібастұз 2-МАЭС-інен бюджетке 640 млн теңгеден астам салық өндірілді

екібастұз
Фото: Валерий Бугаев

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексеріспен Екібастұз 2-МАЭС бюджетке 640 млн теңгеден астам салықты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамау фактісі анықталды.

Бұл туралы Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім болды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіру шаралары қабылданып, нәтижесінде 2-МАЭС жоғарыда көрсетілген КТС соманы бюджетке төледі.

Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар