Екібастұзда 500 кВ электр жеткізу желісі апаттық жағдайда ажыратылды

АСТАНА. KAZINFORM — «KEGOC» АҚ шұғыл хабарлама таратып, Екібастұз энергия торабында апаттық ажырату болғанын мәлім етті.

Екібастұз
Фото: lib-ekb.kz

2025 жылғы 19 маусым күні сағат 16:44–те ауа райының қолайсыздығына байланысты Екібастұз энергия торабында 500 кВ электр жеткізу желісі апаттық жағдайда ажыратылды.

— Апатқа қарсы автоматиканың іске қосылуы салдарынан шамамен 800 мегаватт көлемінде электр қуатына шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта мамандар 500 кВ желісін қайта қосу және энергия жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Желіні толық қалпына келтіру уақыты шамамен 1,5-2 сағатты құрайды. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң қосымша ақпарат ұсыналады, — делінген «KEGOC» АҚ таратқан ақпаратта.

Бұдан бұрын Екібастұздағы Шандақсор су қоймасында балық қырылып жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар