Екібастұзда мажарлық соғыс тұтқындарының зираты табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Екібастұздағы «Богатырь» көмір кенішінің аумағынан 1918 жылы жерленген мажарлық соғыс тұтқындарының зираты табылды. Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісіне Павлодар облысы бойынша археологиялық экспедицияларға қатысушы Иван Трухин хабарлады.

зират
Фото: Kazinform

Трухиннің айтуынша, табылған сүйектер ХХ ғасырдың басында Екібастұз көмір шахталарында кенші ретінде жұмыс істеген мажарлық соғыс тұтқындарына тиесілі. Қазір жерлеу орнында археологтер жұмыс істеп жатыр. Олар сүйектерді анықтап, тарихи құжаттарды зерттеумен айналысу үстінде. 

зират
Фото: Kazinform

— Бұл шағын ғана зират, 20-30 бейіт бар, құлпытастарының кейбірі бүлінген, бірақ екеуіндегі жазуды оқи алдық. Қазір біз «AMANAT» партиясымен бірге зерттеу жұмыстарын бастағымыз келеді. Венгрия елшілігімен байланыс орнатпақпыз. Мүмкін туыстарының арасында көзі тірілер бар шығар. Егер олар қызығушылық танытса, бұл зиратты абаттандыруға болады, — деді археолог.

зират
Фото: Kazinform

Маманның айтуынша, қазіргі сәтте зерттеудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табылған тарихи құндылықтарды сақтау үшін анықталған қабірдің маңында жер қойнауын игеру жұмыстары уақытша тоқтатылған. 

зират
Фото: Kazinform

Айта кетейік, бұған дейін концлагерь тұтқынында болған атыраулық кейуанаға мерекелік медаль берілген еді.

Соңғы жаңалықтар