Екібастұздағы МАЭС-1 стансасында ақау шыққан мұржаның жанына жаңасы тұрғызылып жатыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Құны 29,1 млрд теңгеге жаңа түтін мұржасын салу бойынша ірі инвестициялық жоба жүзега аса бастады. Ол бұған дейін бүйірі тесілген мұржаны алмастырады.

Екібастұздағы МАЭС-1 стансасында ақау шыққан мұржаның жанына жаңасы тұрғызылып жатыр
Фото: Валерий Бугаев

«Б. Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС бас директоры Асан Наурызғалиевтің айтуынша, былтыр қазан-қараша айларында құрылыс-монтаж жұмыстарына, техникалық және авторлық қадағалауға келісім-шарттар жасалып, жауапты органдардан құрылысты бастау туралы хабарлама алынған. 

Екібастұздағы МАЭС-1 стансасында ақау шыққан мұржаның жанына жаңасы тұрғызылып жатыр
Фото: Валерий Бугаев

— 2025 жылдың сәуір айында кәсіпорында қолданыстағы түтін мұржасын тексеру және жөндеу мақсатында бірінші кезектегі төрт энергоблок тоқтатылып, ішкі бетон құрылымдарының қалдықтары бөлшектелді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер ұйымдардың консорциумы жүргізуде. Қазірдің өзінде жобаға 3 млрд теңге қаржы бөлініп, жұмыстарға 45 адам тартылды. Ал жобаға жалпы сомасы 29,1 млрд теңге жұмсалады.
Жаңа түтін мұржасы қолданыстағы мұржаның жанында салынып жатыр, — дейді ол.

Бұл электр энергиясын өндірудегі шығындарды азайтып, энергоблоктарды тоқтатуды жоспарлы жөндеулермен үйлестіруге мүмкіндік береді. Нысанның жобалық пайдалану мерзімі — 50 жыл. Құрылыс аяқталғаннан кейін, 2027 жылдың қазан айынан 2028 жылдың шілде айына дейін ескі түтін мұржасын бұзу жұмыстары жоспарланған.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қараша айында Екібастұз № 1 МАЭС стансасында бір энергия блогы кенеттен жұмысын тоқтатты

Екібастұз электр стансасындағы апатқа байланысты министрлік кейін түсініктеме берген. 

Соңғы жаңалықтар