ЕҚДБ «Қазақстан темір жолы» компаниясына 40 млн. доллар бөлді

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еуропалық қайта құру және даму банкі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы несиелік келісімге қол қойды. Бұл туралы Еуропалық қайта құру және даму банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Келісім негізінде ЕҚДБ Қазақстанның теміржол ұлттық компаниясына 40 миллион АҚШ долларын компанияның энерготиімділігін арттыру мақсаттарына бөлетін болды. Ал оның 700 мыңын Таза технологиялар қоры ұсынған.

Аталмыш қаржыға ҚТЖ жылу сорғыларын, күн коллекторларын, энерготиімді жарық құрылғыларын, газ қазандықтарын сатып алады деп жоспарлауда.

«Біз «жасыл» экономиканы дамытуға үлкен үлес қосуға ниетті ҚТЖ компаниясын қызу қолдаймыз. Оның бұл қадамы компания жолаушыларына ғана емес, жалпы Қазақстан үшін жасалып жатқан игі іс», - деді ЕҚДБ-нің Лондондағы штаб-пәтерінде өткен қол қою рәсімінде банк вице-президенті Фил Беннет.

Оның айтуынша, осы жобаның аясында 100-ден астам депо мен стансада диодты жарық беру жүйелері орнатылады, сонымен қатар су қыздыру құрылғылары энергияны күннен алатын болады.

Жалпы ЕҚДБ 2006 жылдан бері әлем елдерінің энерготиімді жобаларына 13 млрд. еуродан астам қаражат бөлген. Бұл шамамен 17 млрд. АҚШ долларына тең.

Соңғы жаңалықтар