Екі ай ішінде 90 мыңнан астам тұрғын Мосулды тастап шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың Мосул қаласында әскери операция басталғалы 90 мыннан астам адам үйлерін тастап босып кеткен. Бұл туралы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері хабарлайды, деп жазады «Хабар 24».
None
None

Айта кеткен жөн, шаһарды содырлардан азат ету операциясы 17 қазанда басталған. Елді мекен «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» астанасы саналады.

Мосулды жаудан тазарту шарасына ел әскерімен қатар күрд жасағы қатысып жатыр. Оларға АҚШ бастаған халықаралық коалиция әуеден шабуылдар жасап, қолдау көрсетіп келеді. Қазір қалада 5 мыңға дейін экстремист болуы мүмкін деген ақпарат бар.   

Соңғы жаңалықтар