Екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева экстремалды спортқа бет бұрды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиева экстремалды спортпен айналысып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Келіншек  жақында Қаскелеңде өткен багги турға қатысқан. Ол Фейсбуктегі парақшасында Баггидром жетекшісіне алғысын жеткізді.

«Эльдар мен оның командасына осындай керемет көңіл-күй мен адреналин сыйлағаны үшін алғыс білдіремін. Бәрі көңілімнен шықты»,  - деп жазды Е.Парафиева.

Айта кетейік, Алматыдағы Баггидромда арнайы баггилермен және жол талғамайтын көліктермен жолсыз, таулы-тасты жерлерді бағындырып көруге болады.

Қазір келіншек белгілі волонтер, жаттықтырушы Кира Ударцеваның көмегімен оңалту шараларынан өтіп жатыр. Енді ол арнайы жаттығулардың арқасында протез киюге дайындалмақ. Осыдан бірнеше апта бұрын Екатерина аяғына инфекция түсіп ауруханаға жатып шыққан болатын.

Кира Ударцеваның айтуынша, аяқтары ампутацияланған адамға жаттықтыруды тоқтатпаған маңызды. Бұлшық еттер ыдырап кетпес үшін оларды қатайту керек. Әйтпесе протез кию қиынға соғады.

Айта кетейік, Катерина бұған дейін былғары қолғап киіп, боксқа бейімделе бастағаны хабарланған  еді.

Еске салайық, келіншек 16 маусымда Алматы қаласындағы  Әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан жапа шеккен еді. Honda CRV тізгіндеген қыздар ашық люкке кіріп кетіп, көлік дөңгелегін жарып алған. Олар жол шетіне тоқтап, көліктерін қарап жатқан кезде, Honda CRV-ның артында келе жатқан Toyota Camry онымен соқтығысудан қашып, бірден ортаңғы жолаққа ауыса бастайды. Маневр жасау кезінде автобуспен түйісіп, Toyota Camry соққымен Honda CRV-ны артынан ұрады. Салдарынан қыздар ортада қысылып қалып, біреуі екі аяғынан айырылған болатын . Ал екінші қыз №7 қалалық аурухананың неврология бөліміне жатқызылд ы.

Соңғы жаңалықтар