Екі аяқтыдан төрт аяқтыға көшу кезеңінде өмір сүрген динозавр табылды

АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат - Палеонтологтар екі аяқтыдан төрт аяқтыға көшу кезеңінде өмір сүрген динозаврлардың белгісіз түрлерін тапты,

Екі аяқтыдан төрт аяқтыға көшу кезеңінде өмір сүрген динозавр табылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

 Aardonyx celestae деген атауға ие болған динозаврдың ұзындығы 7 метр. Оның мойыны ұзын және басы шағын болған.

 Кесірткенің аяқтарының құрылыстары олардың төрт аяқпен де және артқы екі аяқпен де жүре алатындықтарын көрсетеді. Жақ сүйектеріне талдау жасағанда Aardonyx celestae-тің шөппен қоректенгендігін аңғару қиын емес.

Қалдықтар Оңтүстік Африкада табылды. Олардың жасы 195 миллион жылды құрайды. Палеонтологтарға көп мөлшердегі сүйектер мен олардың бөлшектерін табудың сәті түсті. Олардың әралуан - екі түрлі жануарларға тиесілі болуы әбден ықтимал.