13:21, 23 Наурыз 2014 | GMT +5
Екі кеме қақтығысып, теңізге мұнай төгілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексика шығанағында шамамен 3,5 миллион литр сұйық мұнай тиеген баржа кемемен соғысып, соның салдарынан теңізге мұнай төгілді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Апат Галвестон мүйісінде орын алған. Әзірше теңізге қанша литр мұнайдың төгілгендігі жария етілген жоқ. АҚШ жағалау қызметі өкілінің ақпаратына қарағанда, соқтығысу барысында баржадағы шамамен 635 мың литрлік сұйықтық қоймаларының бірі тесілген. Ондағы мұнайдың қанша көлемі теңізге төгілгендігі белгісіз.
Қазіргі уақытта АҚШ билігі орын алған апаттың шығу себептерін тексеріп, салдарын бағалау үстінде.