Екі күнде 344 мыңға жуық теңге қарыздар 23 автокөлік иесі ұсталды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 30 және 31 қаңтар күндері батысқазақстандық сақшылар сот орындаушыларымен бірлесіп жүргізген рейд кезінде 343 877 теңге әкімшілік айыппұлдарын төлемей жүрген 23 автокөлік иесі ұсталды.

Екі күнде 344 мыңға жуық теңге қарыздар 23 автокөлік иесі ұсталды - БҚО

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олардың автокөліктері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 797-бабына сәйкес айып тұрағына қойылды.

Аталған шара кезінде өңір бюджетіне 175407 теңге өндірілді.

Айта кетейік, сонымен қатар БҚО мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесе отырып, азаматтардың көлік құралдарының салығын уақтылы төлеуіне де ықпал жасалуда. Мысалы, бір ғана 29 қаңтар күні 199,8 мың теңге салықты төлеу жөнінде тұрғындарға хабарлама берілді.

Мұндай шаралар тұрақты ұйымдастырылмақ.