Екі облыс аумағындағы жолдар жабық тұр

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Еліміздің екі облысындағы республикалық жолдар жабық тұр. Бүл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі мәлім етті.

Екі облыс аумағындағы жолдар жабық тұр

Алматы облысы аумағындағы боранға байланысты 30 қарашада сағат 14.30-дан бастап «Үшарал-Достық» автожолының 93-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Ал, кеше сағат 21.00-ден бері Қостанай облысы аумағындағы барлық бағытта қоғамдық автокөлік түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.