Екі облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай және Жамбыл облыстарында ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Екі облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің мәліметінше, 19 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тәулік бойы тұман күтіледі.

Сондай-ақ, 19-20 ақпанда Жамбыл облысында шығыс бағыттан жел соғады, кей жерлерінде оның күші 15-20 м/с-ге жетеді. Өңірде 19 ақпанда күндіз, 20 ақпанда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с жел соғады.