Екі саптыаяқ сыра ішіп, екі жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - Үш күндік «Жолаушы тасымалдау» жедел алдын-алу іс-шаралары барысында (шілденің 9-11-і аралығында) жол полицейлері 963 жол ережесінің бұзушылығын анықталды, оның ішінде 79-ы көлікті мас күйде жүргізген, 240-ы жылдамдықты шамадан тыс асырған, 28-і қарама-қарсы жол бетіне шыққан, деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметкері Роза Қалдыбекова.

Екі саптыаяқ сыра  ішіп, екі жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Жолаушы тасымалдау көліктері де назардан тыс қалмады. Олардың жүргізушілері жол жүру ережесінің 150 бұзылушылығын анықтаған, оның 39-ы тасымалдау көліктерін заңсыз жабдықтаған және техникалық бақылаудан өтпеген, 36-ы жылдамдықты шамадан тыс асырған, жолаушылар мен жүк тасымалдау бұзушылығы да соншама, 15-і көше қиылысынан өту тәртібі мен маневрлеуді бұзған. Операцияға «Нұр Отан» ХДП мен жұртшылық өкілдері, ІІД көші-қон полициясы және басқа да бөлімінің қызметкерлері белсенді атсалысты. ІІД Жол полиция басқармасы жол-патрульдік қызмет бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Еркін Мүсілімовтің сөзіне қарағанда, бұл күндері облыстың жол полициясы жеке батальонының 3-ші взводы мен Қордай ауданының жол сақшылары тиімді жұмыс атқарған. Олар транзитпен өткен автобус жүргізушілеріне (ОҚО және Қызылорда облысының) 23 хаттама толтырылған. Олар Жол полициясы басқармасының рұқсатынсыз өз еркімен жолаушы орындықтарын алып тастап, салонды жүк таситын көлікке өзгертумен қайта жабдықтаған.

Мысалға, ОҚО тұрғыны «Мерседес-Бенц 0303» маркалы автобусының жүргізушісі Қабал Мейіржанов автобус салонын Өзбекстан көкөністерімен толтырып, бір топ жолаушылардың амалсыздан тұрып тұруына мәжбүрлеген. Шамадан тыс салмақты артқан автобус ауытқып, қозғалысқа қауіп төндірген.

Өткен демалыста Қордайда рейстік автобусты мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды. Осы Қырғызстанға бағытталған автобус ішінде 17 жолаушы болған. 34 жастағы автобус жүргізушісі Ермек Зулаттаров автобусты жүргізуден шеттетіліп, оның орнына серіктесі отырған.

«Даймлер-Бенц» автобусының жүргізушісі Меркі мен Қордай аудандары арасындағы дәмханадан екі саптыаяқ сыра ішкенін мойындаған. Мас күйінде жолаушыларды алып келе жатқан автобус жүргізушісі, әлбетте қауіп төндіреді. Осы жағдаймен жол үстінде келе жатқан бұл жүргізуші қандай да қауіп барын сезінбеген. Кәсіби жүргізушіге әкімшілік материал толтырылып, іс сотқа жолданған. Оны кем дегенде екі жылға дейін жүргізуші құжаттарынан айыру қаупі төніп тұр. Қордай аудандық жол полициясы бөлімінің аға мемавтоинспекторы полиция подполковнигі Ертай Күнжасов, мақсатты рейдтер апта бойы жүргізіліп отыратындығын айтты.